Кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан жұмыс істеп жүрген курьерге мотоцикл алып берді

Кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан жұмыс істеп жүрген курьерге мотоцикл алып берді

Кәсіпкер Бағдаулет Құдайқұл мүмкіндігі шектеулі курьерге мотоцикл алып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан курьер болып жұмыс істеп жүргені туралы видео тараған болатын. Видео қысқа уақыт ішінде TikTok желісінде 2 миллионға жуық қаралым жинаған еді. 

Алматылық фотограф Ербол Әліпов өз парақшасында Қазнетте біраз талқыға түскен видео жариялады. Видеода курьер болып жұмыс істейтін жігіт Алматы көшелерінің бірінде денсаулығына қарамастан, тамақ жеткізіп, ақшасын тауып жүрген.

@iamerbol.com

Просто мужик!

♬ оригинальный звук - Ербол Алипов

Видеодағы кейіпкері - 25 жастағы Бексұлтан Молтаев. Ол Тараздан келген. Бірақ қазір Бексұлтан Алматыда тұрып, жұмыс істейді. Ағасының ауыр диагнозын естігеннен кейін қосымша жұмысқа шыққан.

Кәсіпкер Бағдаулет Құдайқұл Бексұлтанға еңбек етіп жүргеніне алғыс айтып, мотоцикл сыйлады. 

"Мен қолымнан келгенше саған көмектесемін. Сен үлгі болдың. Менен көп адам көмек сұрайды. Бірақ ол адамдардың 12 мүшесі сау. Бірақ сен кішігірім сынақ болса да жұмыстан талмай жатсың", - дейді кәсіпкер. 

@bake_bloger Мүмкіндік жоқ деу ол жай сылтау, мүмкіндік әр қашан бар әрекет ет, еңбек ет Алла береді , живой мысал мені Бексұлтан! Алла разы болсын бауырмызға @AlaniDoner ♬ оригинальный звук - bake_bloger

TikTok қолданушылары кәсіпкердің әрекетіне тәнті болған. 

"Қандай мықты жігіт, мен болсам сағым сынып қалар еді" 

"Осындай жанашыр жігіттерге рақмет" 

"Алла разы болсын. Жігіт жарайсың,қолын созып сұрап жүрген жоқ", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина