Арбаға таңылғанына қарамастан, білім алып, өзін дамытып жүрген атыраулық жас көпті сүйсінтті

Арбаға таңылғанына қарамастан, білім алып, өзін дамытып жүрген атыраулық жас көпті сүйсінтті
Фото: Автордан

Данил Давыдов 1 топ мүгедегі. Ол ерекше жағдайына қарамастан, Атыраудағы колледждердің бірінде білім алып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Данил туралы атыраулықтар қоғам белсендісі Нұрлан Жонасовтың жазбасынан кейін біле бастады.
Данил бала кезінен арбаға таңылған. Соған қарамастан оқуға, білімге деген құштарлығының арқасында Данил мектеп бітірген соң, Атыраудағы Каспий қазіргі заманғы колледжіне оқуға түсті. Колледжде осы уақытқа дейін ақылы негізде оқып келген. Колледж жеке болғандықтан, мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін оқу ақысында ешқандай жеңілдік қарастырылмаған.

"Ерекше адамның оқуына неге жеңілдік жасалмаған" деген сұрақпен жазба қалдырған Нұрлан Жонасовтың постынан кейін, Данилға көмек қолын созғандар табылды.


Атыраудағы ірі күзет компанияларының бірі Данилдың колледжді аяқтағанға дейінгі толық оқу ақысын төлеп беруді жауапкершілігіне алды. Және алдағы уақытта Данилды өз компанияларына жұмысқа алуға уәде етті.
Бір қызығы, Данил талантты жігіт болып шықты. Бос уақытында ол арбада отырып билеумен айналысады. Тіпті, ерекше адамдардың арасында өтетін түрлі би конкурстарына да қатысып, халықаралық конкурстардың лауреаты атанып жүр.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы