СҚО басшысы Айдарбек Сапаров Петропавл әкіміне қатаң ескерту жасады

СҚО басшысы Айдарбек Сапаров Петропавл әкіміне қатаң ескерту жасады
Фото: Көрнекі сурет. Тengrinews.kz

Әкімдік отырысында Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жөнделген желінің кесірінен қираған жолдар мен тротуарларға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазИнформға" сілтеме жасап. 

Өңір басшысы әлеуметтік желілерді оқитынын, қала тұрғындарының қандай наразылық білдіретінінен хабардар екенін айтты. 

"Тұрғындар бәрін көріп, әлеуметтік желіде жазып жатыр. Апаттық учаскелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, одан кейін жолды қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажет. Былтырдан қалғандары бар. Асфальт қазылды ма, орнын келтіріңдер. Алысқа барудың қажеті жоқ. Жарты жыл бойы әкімдіктің маңынан бәрі қазылды. Мен бұған дейін ескерту жасадым. Бұған қала әкімі де, оның орынбасарлары да, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы да қарамайды. "Кейінге" қалдырғанда, жұмыс орындалмайды деуге болады. Бұл мәселені бақылауда ұстаңыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін компаниялар тез арада тәртіпке келтіруі керек", - деді А.Сапаров.

Биыл энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының ақпаратына сәйкес, "Петропавл жылу желілері" ЖШС 7,2 шақырым жылу желілерін жөндеуді және қайта жаңартуды жоспарлап отыр. "Қызылжар су" ЖШС бұған дейін 5 шақырым желіге жөндеу жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек