"Сүйегі көрініп қалған". Оралда ит 13 жастағы қыздың аяғын оңдырмай тістеп алған

"Сүйегі көрініп қалған". Оралда ит 13 жастағы қыздың аяғын оңдырмай тістеп алған
Фото: "Мой ГОРОД"

Оралда ит 13 жастағы қыздың аяғын оңдырмай тістеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккен қыздың анасының сөзінше, қаңғыбас иттің көпқабатты пәтердің ауласында жүргеніне біраз болған.  

"Ит қызымның аяғын оңдырмай тістеп тастаған. Тіпті сүйегі көрініп қалған. Қарауға қорықтым. Ол жараны қалай таңғанын білмеймін", - дейді 13 жастағы қыздың анасы Ұлжан. 

Ит күшіктерімен алаңдағы көліктің астын паналап жүр екен. "Мой ГОРОД! мәліметінше, ит кішкентай қызды басқа балалар күшіктерді ұстап тұрған кезде тістеп алған. 

Ал ветеринарлық қызметтегілер итті осымен бес күннен бері таба алмай жүргенін айтқан. Полицейлер ит иесіз болғандықтан, ешкімді жауапқа тарту мүмкін емес екенін жеткізді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина