Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды
Фото: ТЖД

Атырау облысы Жылыой ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері 23 мамырда 37 жастағы шопан қыстаудан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. Бір апта іздеу жұмыстарынан кейін ер адам Құлсарыдан 40 шақырымдай жердегі Адай қорымының маңында өлі табылған. 

Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек