Шымкент полицейлері түнгі уақытта даяшы болған 30-ға жуық жасөспірімді анықтады

Шымкент полицейлері түнгі уақытта даяшы болған 30-ға жуық жасөспірімді анықтады
Фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері түнгі уақытта даяшы болған 30-ға жуық жасөспірімді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары түнгі рейд кезінде көңіл көтеру орындары мен тойханаларда даяшы болып жұмыс істейтін 27 жасөспірімді анықтады. Олар аталған мекемелерде демалыс күндері қызмет көрсеткен.

Тәртіп сақшылары заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабымен хаттама толтырды. Ал баласын түнгі уақытта қараусыз жіберген заңды өкілдер әкімшілік кодекстің 442-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл арқалады. Сондай-ақ ата-анасының бақылауынсыз жүрген 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

Анықталған жайт бойынша іс-құжаттар еңбек инспекциясына жолданады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан