Қазақстандық Григорий Ломакин Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың 2-ракеткасы Ломакин мен украиналық Вадим Урсу финалда италиялықтар Филиберто Фумагалли – Сэмюэль Винсент-Ругиеримен бас жүлдені сарапқа салды.

Үш сетке созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан