Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан қаза тапқандардың мәйіті шығарылды

Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан қаза тапқандардың мәйіті шығарылды
Фото: Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қостанайда ғимарат құлаған жердегі үйіндіні тазалау жұмыстары аяқталды. Қаза тапқан үш адамның мәйіті шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанайдағы Амангелді тұрғын алабында құтқару жұмыстары аяқталды. 12 адам құтқарылды, ал үшеуін құтқару мүмкін болмады.

Төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Алтауы қалалық ауруханаға жіберілді. Бір адам медициналық көмекке өз бетінше жүгінсе, біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты.

"Зардап шеккендерге қажетті медициналық қызметтердің барлық кешені көрсетіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, жеті бірлік жеңіл және бес бірлік ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстары зақымданды. Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша "Екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады жедел штаб.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда төтенше жағдай болып, 7 адам үйінді астында қалғаны хабарланған еді. Кейін бір адам өлі табылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан