Елорда тұрғындарына қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы айтылды

Елорда тұрғындарына қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы айтылды
Фото: Астана ІСБ

Елордалық ТЖД астаналықтарға жылыту құралдары мен пеш жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қыс мезгілі мен саршұнақ аяздың басталуымен пештердің дұрыс жұмыс істемеуі, оларды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын, электр сымдарын дұрыс пайдаланбау салдарынан өрттер мен көміртегі тотығымен улану жағдайлары күрт артып жатады. Сонымен қатар, үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін көбінесе зауыттан тыс орындарда жасалған жылытқыштар қолданылады, бұл тұрғын үйдің қауіпсіздігіне ғана емес, адамдардың өміріне де үлкен қауіп төндіреді.

Астанада өрт саны қыс айларында жиі болады, бұл қалыптан тыс аязға байланысты.

Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында бірқатар өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:

- ақаулы немесе үйде жасалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- үш айда бір рет мұржалар мен пештерді күйеден тазарту қажет;
- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға тыйым салынады;
- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды от жағу алдындағы параққа орналастыруға тыйым салынады;
- пеш құрылғыларының жанында дымқыл заттарды кептірмеңіз;
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- зақымдалған розеткаларды, ажыратқыштарды және басқа электр қондырғыларын пайдаланбаңыз.
- пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
- автоматты өрт дабылы жүйесі жарамды күйде, оның ішінде алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер) болуы тиіс.

Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңай. Өрт туындаған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал

Massaget.kz