Оралда көпқабатты ғимараттан құлап кеткен бала комаға түсті

Оралда көпқабатты ғимараттан құлап кеткен бала комаға түсті
Фото: elements.envato.com

Оралда жасөспірім бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 9 желтоқсанда қаладағы №6 шағынауданда болған. 11 жастағы бала терезеден құлап түскен. Баланың нақты қай қабаттан құлап кеткені белгісіз. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр. Ол комада жатыр. Бала жасанды желдету аппаратына қосылған.

11 жастағы бала қаладағы көпсалалы ауруханада жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина