Шаш ағаруын баяулататын өнім

Шаш ағаруын баяулататын өнім

Көпшілік әйел бұрын ақ шашты бірден жасыруды жөн көретін, ал қазір адамдар ол ұялатын нәрсе емесін, ағарған шашпен де әдемі болып жүруге болатынын түсініп келеді. Дегенмен, әйелдер сонда да жас ерекшелігіне байланысты болатын өзгерістерді баяулатқысы келеді. Эксперттер шаштың ерте ағаруын болдырмас үшін рационға қандай өнім қосу керегін анықтады.

Шаштың ағаруы — біртіндеп меланоциттер жоғалуының нәтижесі. Меланоцит — шашқа пигмент беретін тері жасушалары. Тамақтану эксперттері бұл процесті күнжіт дәндері арқылы баяулатуға болатынын анықтады. Олар бас терісін негізгі қоректік заттармен қамтамасыз етіп, меланоциттер белсенділігін арттырады.

Соның ішінде, шаштың ағруымен оның қара дәнді түрлері жақсы күреседі. Себебі олардың құрамында пайдалы компоненттер көбірек: күнжіттің қара дәндерінде кальций, магний, В1 дәрумені, мырыш, фосфор, амин қышқылдар, тағамдық жасұнықтар және селен бар. Сондай-ақ бұл дәндер табиғи антиоксиданттарға бай: сезамолин, сезамол және сезамин.

Зерттеулерге сәйкес, қара күнжіт дәндерінің құрамындағы антиоксиданттар бас терісі жасушасын зақымдайтын және қартаю белгілерін шақыратын бос радикалдарды бейтараптандырады. Антиоксиданттар меланоциттер белсенділігіне ықпал етеді және меланин пигментінің өндірілуін арттырады.

Күнжіт дәндерінің құрамында жас ерекшелігінің басқа да жағымсыз өзгерістерін (есту мен көрудің немесе есте сақтаудың нашарлауы) болдырмауға көмектесетін биологиялық белсенді қосылыстар бар.

Күнжіт дәндерін кез келген азық-түлік дүкенінен қолжетімді бағаға табуға болады. Сонымен қатар, оны күнделікті рационға қосу оңай. Мысалы, оларды ботқаға, сүзбеге, етке, балыққа және салаттарға себуге болады. Эксперттер күнжіт дәндерін тамаққа қосумен қатар, күнжіт майын бас терісіне жағу да пайдалы болатынын ескертеді.

А. Жапатова