Өзіңізге жиі өтірік айтасыз ба? Тексеріп көріңіз!

Өзіңізге жиі өтірік айтасыз ба? Тексеріп көріңіз!
Фото: Vince Fleming, unsplash.com

Адамдар түрлі себептермен өз-өздеріне өтірік айтады. Біреуге ол күйзелістен, қиындықтан немесе шешім қабылдаудан қорғануға көмектессе, басқаларға өз болмысы мен қандай болғысы келетіннің арасындағы айырмашылықты жеңу үшін қажет. Бірақ өкінішке орай, кез келген өтірік көптеген проблемалар тудырады. Адамның өзіне жиі өтірік айтатынын көрсететін 5 белгіні ұсынамыз.

Сіз өзіңіздің және басқа адамдардың әрекеттерін ақтап аласыз

Адамдар өзіне жиі айналасындағыларға (жақындары, серігі, достары) қатысты өтірік айтады. Кей адамдар айналасындағылардың токсик немесе басқа да өрескел әрекеттерін ақтап алуға бейім келеді. Олардың шындығында сондай екенін мойындағысы келмейді.

Осылайша, олар қиын шешімді немесе жанжалды кейінге қалдырғысы келеді. Бірақ, әдетте, мұндай әрекет олардың өздеріне зиян келтіреді. Кейбіреулер қасында жүрген әдепсіз адамдарды ақтап, жылдар бойы шыдап жүреді. Себебі олар шындықтың бетіне қарауға қорқады.

Өз-өзін алдайтын да адамдар бар. Олар өздерінің қандай да бір әрекеттерін ақтап алады. Мысалы, досын ренжіткен жоқ, жай оған өмірлік сабақ бергенін айтады. Немесе еш тырыспастан, бұл жағдайдан шығатын жол таппағанын айтады.

Өзіңізді шынайы сезінбейсіз

Өзін алдауға бейім адам басқа біреу болып көрінуге үйреніп кетеді. Жиі бұл өзінің негізінде кім екенін білмейтін сезіммен бірге жүреді. Оған қазіргі жағдайды иллюзиядан ажырату және өзінің әлсіз немесе күшті тұстарын еш сылтаусыз немесе асыра сілтеусіз анықтау қиынға соғады.

Уақыт өте олар өзіне ұнамайтын адамдармен дос болып жүргенін, өзіне мүлдем келмейтін жұмыс жасап жүргенін және өзіне еш қажеті жоқ заттарды сатып алып жатқанын байқайды.

Сізге басқалардың кеңестері ұнамайды

Әрине, кейде басқалардың кеңестері шынымен де пайдасыз болуы мүмкін. Бірақ егер дұрыс айтылған ескертпенің өзіне ашулансаңыз немесе ренжісеңіз, бұл сіздің өз-өзіңізді алдауға бейім екеніңізді білдіруі мүмкін.

Сіздің эмоцияларыңыз сөздеріңізге сай емес

Сіз өтірікке өзіңізді сендіруге тырыссаңыз да, эмоциялар оған қарсы тұрады. Мысалы, негізінде жаныңыз ауырып тұр, көңіліңіз қалды немесе ызалысыз, бірақ «бәрі жақсы» деп айтасыз. Бұлайша, эмоцияларды баса беру жағымсыз салдарларға әкеледі.

Жиі қолжетімсіз мақсаттар қоясыз

Кей адамдар өздеріне қалайтын қасиеттерді иемденіп алуға немесе өзіндегі бар қасиеттерді асыра көрсетуге бейім. Бұл жиі алдына шындыққа жанаспайтын және қолжетімсіз мақсаттар қоюға әкеледі. Өкінішке орай, олар сәтсіз аяқталса, адамдар оған ондаған сылтау табады. Ал мақсатқа жете алмауын өздерінен емес, айналасындағылардан немесе жағдайлардан көреді.

А. Жапатова