D дәрумені мол тағамдар

D дәрумені мол тағамдар
Фото: edatop.ru

D дәруменінің адам денсаулығында алатын орны ерекше. Оны бәріміз білетін шығармыз. Сүйек пен бұлшықетті қалыпта ұстайтын, иммунды жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін, қатерлі аурулардың (обыр) алдын алуға көмектесетін, көңіл-күй мен адамның психологиялық жай-күйін жақсартатын да – дәл осы D дәрумені.

Адам ағзасы D дәруменінін негізінен күн сәулесінен алады. Ал қыста күн жоқ, содан көбімізде дәрумен дефициті басталады.

Қуаныштысы сол – бұл дәруменді жай тағамнан да алуға болады. Ендеше D дәрумені мол басты төрт тағамды ұсынамыз.

Майлы балық. Балық еті – адамға ең пайдалы тағамдардың бірі. Әсіресе, майлы балықтың етінде D дәрумені мол болады. Атап айтқанда, ақсерке, майшабақ, сардина, сазан сынды балықтарды мол қоры бар. Оның үстіне, балық етінде Омега-3 атты май қышқылы көп болады. Ол жүрек жұмысын жасартады.

Сиырдың бауыры. Малдың ішкі органдары – өкпе-бауыр, жүрек-бүйрек – маңызды элементтерді жинаған бөлек. Мәселен, 100 грамм бауыр етінде D дәруменінің 48 МЕ көлемі жинақталған. Ал адамға күніне орта есеппен 600-800 МЕ көлемде D дәрумені керек.

Жұмыртқаның сарысы. Жұмыртқаның сарысы адамға бір күндік D дәруменінің 5 пайызын бере алады. Егер тауық күннің астында жүріп жұмыртқа басса, онда тіпті жақсы. Тауықты құнарлы жеммен тамақтандырса да, жұмыртқасы өте құнарлы болады.

Саңырауқұлақ. Табиғатта D дәруменінің мол қоры бойынша бірінші орында тұрған – саңырауқұлақ. Әсіресе, D2 дәруменіне бай. Оның үстіне, саңырауқұлақ майлы емес, калориясы аз тағам.

 

Қ. Слямбек