Кофе Паркинсон ауруы мен атеросклероздан қорғайды – дәрігер

Кофе Паркинсон ауруы мен атеросклероздан қорғайды – дәрігер
Фото: azertag.az

Қантсыз және сүтсіз кофе Паркинсон ауруының (баяу дамитын неврологиялық ауру) және атеросклероздың (қан тамырда холестериннің жиналуы) алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы Сергей Токарев мәлімдеді, - деп жазды ura.news.

Дәрігердің айтуынша, кофе метаболикалық синдромнан, 2 типті қант диабетінен және бірқатар қан тамырлары мен неврологиялық бұзылулардан қорғау тұрғысынан белсенді профилактикалық әсерге ие.

"Сусынның қорғаныш әсері Паркинсон ауруы мен атеросклерозға қатысты айқын көрінеді. Канадалық ғалымдардың пікірінше, кофеин қандағы PCSK9 ақуызын азайтады. Бұл бауырға қаннан зиянды холестеринді шығаруға көмектеседі. Кофе антиоксиданттық және қабынуға қарсы әсерге ие. Тек қант пен сүт қосылмаған және қалыпты дозада – күніне 3-4 кеседен аспайтын табиғи дәнді кофеге ішкенде ғана ол ағзаға әсер етеді», - деп түсіндірді Сергей Токарев.

Дәрігердің айтуынша, кофеин аз мөлшерде балаларға да пайдалы.

"Кофеиннің балалардағы зейін тапшылығының гиперреактивтілігінің бұзылуына пайдалы екендігі туралы дәлелдер бар. Бірақ кофені жасөспірім кезінен - ​​16-18 жастан бастап ішкен дұрыс", - деп атап өтті Сергей Токарев.

Бұған дейін диетолог және нутрициолог Ирина Лизун кофенің ағзаға максималды пайда әкелетін уақытын атаған болатын.

Ирина Лизунның айтуынша, таңертең бір шыны кофе ішуге болады. Бірақ бұл сусынды тек тамақпен немесе тамақтан кейін ішкен дұрыс. Әйтпесе, ол асқазанға зиян.

Диетологтың пікірінше, кофе түскі асты алмастыра алмайды, өйткені бұл сусын адамға қажетті қоректік заттарды қамтымайды.

Т. Раушанұлы