Моншаға барып дұрыс жуынудың жолы

Моншаға барып дұрыс жуынудың жолы
Фото: pro-dachnikov.com

Моншаға барып жиі жуынып тұрған – жақсы әдет. Жүрек жұмысы мен қан айналымын жақсартуға, ағзаның лимфа жүйесін реттеуге көмегі зор. Қан айналымы дұрыс, лифма жүйесі жақсы жұмыс істеп тұрса – денсаулық пен жастық шақ деген сол.

Лимфа жүйесін адам ағасының кәріз жүйесі, тазалаушы мүшесі десек болады. Лимфа тамырлар ағзадағы зат алмасымнан бөлініп қалған бүкіл кір мен ласты жинап, сыртқа шығарады. Ал монша осы лифма жүйенің жылдам іске кірісуіне ықпал етеді.

Моншаға түсіп жатып суық, салқын нәрсе ішуге болмайды. Оның орнына қайнаған жылы шөп шәй мен лимон қосылған ыстық су ішіңіз. Парға кірер алдында бір кесе ыстық шай ішіп алуға болады. Арқа мен теріге зәйтүн май мен балдан жасалған жақпамай жағыңыз.

Басқа баскиім киіп алған жөн. Пардың температурасы 60-70 градус болғаны рас.

Қатты терлеген соң, міндетті түрде жуынып-шайыну керек. Ағзадан термен бірге шыққан токсиндер қайта термен бірге ішке кіріп кетпеуі қажет.

Болған соң, бетті салқын сумен жуыңыз. Парға 3-4 рет кіруге болады.

Қан қысымы, бас сақинасы не эпилепциясы бар не қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың моншаға бармағаны жөн.

Қ. Слямбек