Тез қартаюға әкелетін әдеттер

Тез қартаюға әкелетін әдеттер
Фото: u-f.ru

Адамның жыл өткен сайын есейетіні, қартаятыны белгілі. Бетке әжім, жүзге дақ түспей қоймайды.

Бірақ бәрі өзіңізге байланысты. Күтіп ұстай алсаңыз, төлқұжаттағы жасыңыз басқа, өңіңіз бөлек болуы мүмкін. Ал өзіңізді күту үшін Американың Майо клиникасының мамандары мына әдеттерден аулақ болуды алға тартады.

Біріншіден, темекі шекпеңіз, шексеңіз, тастаңыз. Темекенің зиян екені айтпаса да түсінікті.

Екіншіден, күнге күюден аулақ болыңыз. Яғни, қатты күюге болмайды. Ультракүлгін сәуле адам терісіне зиян, әжім мен дақ түсіреді. Пигмент пайда болады. Тіпті, мұның соңы тері қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Күнге қыздырыну пайдалы, бірақ ретімен, аз-аздап.

Үшіншіден, дұрыс тамақтану қажет. Көмірсу мен қанықпаған май тектес тағамдарды көп жесеңіз, тез қартаясыз. Қант қосылған сусыннан бас тарту қажет. Оның орнына жай ауыз су ішіңіз. Ішімдік ішуге де болмайды.

Төртіншіден, генетикаға байланысты. Мұны енді біз өзгерте алмаймыз. Табиғаттың заңдылығы сол.

Адамды ерте қартайтатын тағамдар

Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар

Қ. Слямбек