Онколог өңеш обыры қаупін екі есе арттыратын көкөністерді атады

Онколог өңеш обыры қаупін екі есе арттыратын көкөністерді атады
Фото: tablematters.com

Маринадталған көкөністер өңеш қатерлі ісігінің қаупін екі есе арттырады. Бұл туралы MedikForum сайтына ресейлік онколог Андрей Воробьев айтты.

"Маринадталған көкөністерді тұтыну мен өңештің жалпақ жасушалы карциномасы арасында статистикалық маңызды байланыс бар. Барлық зерттеулердің жиынтық нәтижелері маринадталған көкөністерге байланысты қатерлі ісік қаупінің екі есе артқанын көрсетеді", - деді дәрігер.

Айта кетейік, өңеш обыры өте қиын анықталатын қатерлі ісік. Бұл дерт қазақ халқы үшін, әсіресе, Каспий, Арал теңізі аймағындағы тұрғындардың негізгі бір өлім себептері болып табылып тұр. Өңеш ісігі – cыртқы қабық қорғаныс қабілетін атқара алмайды, сондықтан рак ауруында дерт көрші сау ұлпаларға тез тарайды.

Т. Раушанұлы