Ыстық душ: онколог қатерлі ісікті анықтаудың қарапайым жолдарын айтты

Ыстық душ: онколог қатерлі ісікті анықтаудың қарапайым жолдарын айтты
Фото: epsom.pro

Онкологтар қатерлі ісік өте ұзақ уақыт бойы жасырын жүретінін айтады. Ең алдымен денедегі ең көп таралған симптомы – ешқандай себепсіз салмақ жоғалту. Мұндай кезде бей-жай қарамай бірден дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Мысалы, ақ қан ауруын анықтаудың қарапайым жолы бар екен.

Лейкоз немесе ақ қан ауры деген не?

Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Оны кейде "ақ қан" деп те атайды.

Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді.

Қатерлі ісік белгілері:

• тоқ ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері нәжістегі қан болуы мүмкін, оны тек нәжістің талдауында және кезектесіп тұратын диарея мен іш қатудан көруге болады.

• тәбеттің төмендеуі немесе толық болмауы асқазан ісігінің,

• зәрдегі қан –  бүйрек қатерлі ісігінің,

• денедегі көгерген іздер көгерудің – қанның қатерлі ісігінің (лейкоз) ерте симптомы болып саналады.

Тағы бір қатерлі ісіктің алдын алу үшін ыстық душтан кейін пайда болатын денедегі елеулі өзгерістерге мән беру қажет.

Ыстық душтан кейінгі белгілер

Лейкоз белгілерін алғашында анықтау қиын. Оны қанда кездесетін жұқпалы аурулар деп шатастыру оңай. Аурудың басында байқалатын белгілер –шаршау, әлсіздік, аздап терлеу.

Аурудың тағы бір белгісі ыстық душтан кейін дененің қышуы болуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс.

Американың қатерлі ісіктерді емдеу орталықтарының гематологы және онкологы  Юджина Ананың айтуынша, ыстық душтан кейінгі дененің қышуы қан қатерлі ісігінің бір түрінің дамуын көрсетуі мүмкін.

"Осы ісіктің бастапқы кезеңдерінде құрамында гистамин бар жасушалар (аллергиялық реакциялардың медиаторы) жоғары сезімталдыққа ие болып, терінің ыстық суға реакциясын тудырады", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қан ісігі 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Сондықтан қырықтан асқан адам душтан кейін дененің дуылдап қышуын сезетін болса дәрігерге барып, жалпы қан анализін жасаған жөн. Егер эритроциттердің деңгейі көтерілсе, тексеруден өту керек.

Т. Раушанұлы