Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 27, 28 және 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, солтүстік-батыс антициклон Қазақстанға ауысуда, соның салдарынан республиканың солтүстігінде жауын жаумайды және ауа температурасының төмендейді.

"Сонымен бірге, Ресейдің еуропалық аймағынан келетін жылы фронт елдің батыс облыстарына әсер етеді, осыған байланысты күндіз бұл өңірде күн жылынады, - делінген хабарламада.

Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде -10-18, күндіз -7-15 аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысында күндіз термометр 0-5 градусты көрсетсе, оңтүстік-батыста +12 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста ауа температурасы түнде -15-23 градустан -8-16 градусқа дейін болады, күндіз 0-10 градус аралығында. Республиканың оңтүстігінде 0-10 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +15 градусқа дейін жылынады.

Республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -7-18 градустан 0-10-ға дейін суық, күндіз 3-11-ден 3 градусқа дейін аяз, 7 градус жылы болады. 

Т. Раушанұлы