Айсұлтан Сейітовтің дебют фильмінің тизері шықты

Айсұлтан Сейітовтің дебют фильмінің тизері шықты
Фото: "Қаш" фильмінен стоп-кадр

Қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітовтың "ҚАШ" дебют фильмінің тизері шықты. Оны режиссер әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Сюжет 1930 жылдардағы ашаршылықтың қиын кезеңінде өрбиді. Басты кейіпкер – қабір қазушы Исатайға ауыл тағдырына байланысты таңдау жасау керек.

Фильмде басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Оңдасын Бесікбасов, Исбек Әбілмәжінов, Толғанай Талғат, сондай-ақ ресейлік актерлар Александр Пал мен Варвара Шмыкова сомдаған. Фильм күзде шығады.

"Фильмді түсіру барысында көптеген кедергілерге тап болдық. Кедергілер мұнымен  аяқтала қойған жоқ. "Егер бұл комедия болмаса, біз қазақстандық фильмге сенбейміз" - деген дистрибьютерлердің сөздерін естуімізге тура келді. Бірақ  қазақстандық кино әр түрлі болуы мүмкін екеніне сенеміз. Біз кино дами алады деп сенеміз. "ҚАШ"-қа сенеміз. Ең бастысы, көрерменге сенеміз", - деп жазды Айсұлтан әлеуметтік парақшасына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aisultan (@aisultan)

Айсұлтан Сейітов Скриптонит, Ивана Дорн, Noize MC, Jah Khalib, T-Fest, сондай-ақ американдық рэп жұлдыздары 21 Savage, J.Cole, Migos бейнебаяндарының авторы ретінде танымал.

Айсұлтан Сейітов, Нью-Йорк киноакадемиясын бітірген. Оқу кезінде ол қысқаметражды «Шакал» фильмін түсіріп, 2016 жылы Нью-Йорк кинофестивалінде Голливуд бульварында "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.

Т. Раушанұлы