«Барби» фильмінің түсірілімінен жаңа кадрлар жарияланды

«Барби» фильмінің түсірілімінен жаңа кадрлар жарияланды
Фото: wwnews.cryptomatters.net

Алдағы жылда шығатын премьералардың бірі – әлемге әйгілі қуыршақ ойыншықтың «шынайы өмірі» туралы баяндайтын режиссер Грета Гервигтің «Барби» көркем фильмі.

Фильмдегі басты рөлдерді Марго Робби мен Райан Гослинг сомдайды. Фильмнің түсірілім алаңынан жарияланған бірнеше сурет көрермен қауымның жанарын жаулады. Кейіпкерлердің ертегідегідей ғажап бейнелері болашақ премьераға қызығушылықты одан әрі арттырды.

Тек сюжеттен драма күтпеңіз, картина отбасымен қарауға арналған ескі романтикалық комедия жанрында түсіріліп жатыр, бұл феминист Гервиг үшін өте ерекше бағыт екені рас.

Бір қызығы фильмде 11 костюм дизайнерлерінен тұратын команда жұмыс істейді. Соның ішінде Гослингтің жеке стилисті Марк Авери де бар.

А. Оралқызы