Президент Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін берді

Президент Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін берді
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. 

"Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - "Алтын жұлдыз" бен "Отан" ордені тапсырылсын (марқұм)", - делінген хабарламада.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ж. Қадыржанова