ММА файтері Чоршанбиев қатал тәртіптегі түзеу мекемесіне ауыстырылды

ММА файтері Чоршанбиев қатал тәртіптегі түзеу мекемесіне ауыстырылды

Аралас жекпе-жектегі танымал файтерлердің бірі Чоршанбе Чоршанбиев Тәжікстанның ең қатал тәртіптегі түзеу мекемелерінің біріне ауыстырылды, - деп хабарлайды MMA Russia.

Чоршанбиев ғаламтор арқылы ел конституциясына күшпен өзгеріс енгізуге халықты үгіттегені үшін сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Жазасын ары қарай өтеу үшін ол қатал тәртіптегі ходжандық түзеу мекемесіне ауыстырылды.

Ходжандағы түзеу мекемесінде 2018 жылы қарашада жазасын өтеушілер арасында дүмпу болып, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде екі түрме қызметкері бар.

Айта кетейік, файтер ММА-де он кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен. Алайда памирлік спортшы өз атын аудиториясы басқа поп-ММА арқылы шығарған еді.

Г. Досымшалова