"Канело" Головкинмен өтетін жекпе-жек қарсаңында басты арманын айтты

"Канело" Головкинмен өтетін жекпе-жек қарсаңында басты арманын айтты

Төрт салмақ дәрежесін бағындырған, супер орта салмақтағы сөзсіз чемпион Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі қарсаңында бокс тарихына ең мықты боксшының бірі ретінде өз есімін қалдыруға тырысатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің арманым - ең мықты боксшылардың бірі болып тарихта қалу. Бұл үшін көп еңбектену керек екенін түсінемін. Ал ақша - ол спортпен бірге жүретін бонус", - деді боксшы мексикалық БАҚ-қа берген сұхбатында.

"Канело" 17 қыркүйекте Головкинге қарсы жекпе-жекке екінші орта салмақтағы барлық белдіктерін сарапқа салады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

Г. Досымшалова