ПСЖ Месси туралы шешім қабылдады

ПСЖ Месси туралы шешім қабылдады
Фото: REUTERS

ПСЖ Лионель Мессимен келісімшартты ұзартпақшы. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

ПСЖ Мессидің командада болғанына қуанышты. Жақында париждіктер аргентиналықтың 2023 жылы аяқталатын келісімшартын ұзарту туралы келіссөздерді бастайды. Париждіктер оған тағы бір жыл сенім артуға болады деп үміттенеді.

Бұған дейін Мессидің "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін екені айтылған болатын.

Месси «Барселонадан» 2021 жылдың жазында кеттті. Каталондықтар құрамында ол 520 матч өткізіп, 474 гол соғып, 216 нәтижелі пас берді. Командамен бірге футболшы 35 титулды жеңіп алды, сонымен қатар «Алтын доптың» жеті дүркін иегері атанды.

Т. Раушанұлы