Катардағы әлем чемпионатында алғаш рет хет-трик жасалды

Катардағы әлем чемпионатында алғаш рет хет-трик жасалды
Фото: Reuters

Португалия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/8 финалда Португалия құрамасы Швейцариямен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етті. 17-минутта Гонселу Рамуш есеп ашты. Артынша бұрыштан әуелеген допты Пепе қақпада тулатты.

Екінші таймда тағы бірнеше гол соғылды. 51-минутта Рамуш қанжығасын тағы бір майласа, көп ұзамай Рафаэль Геррейру есепті еселеді. Швейцариялықтар болса, Мануэль Аканжидің бір голымен жауап қата алды.

Дегенмен матч нүктесін Португалия қойды - 67-минутта Рамуш хет-трик авторы атанды. Осылайша, Катардағы әлем чемпионатында алғаш рет хет-трик жасалды. Қорытынды есеп - 4:1.

Енді Португалия құрамасы ширек финалда Мароккомен күш сынасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш