Еуропа чемпионатына қатысатын ең егде футболшылар

Еуропа чемпионатына қатысатын ең егде футболшылар

Кәрі құрлықтың басты додасы саналатын ЕУРО-2020-ның басталуына да санаулы күндер қалды. Осы орайда Массагет порталы Еуропа чемпионатына қатысатын ең егде футболшылар тізімін ұсынады.

Мартин Стекеленбург 38 жас, 273 күн

Мартин Стекеленбург 1982 жылы 22 қыркүйекте туған. "Аякс" клубының және Нидерланд ұлттық құрамасының қақпашысы.

Крейг Синклер Гордон – 38 жас, 273 күн

Крейг Синклер Гордон 1982 жылы 31 желтоқсанда Эдинбургте дүниеге келген. Шотландиялық футболшы, "Харт Мидлотиан" мен Шотландия ұлттық құрамасының қақпашысы.

Пепе – 38 жас 116 күн

Кеплер Лаверан Лима Феррейра 1983 жылы 26 ақпанда Пепе (Пепе порты) деген атпен танымал Масейода туған. Португалиялық және бразилиялық футболшы, "Порту" клубының қорғаушысы және капитаны. Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы.

Горан Пандев – 37 жас, 330 күн

Горан Пандев 1983 жылғы 27 шілдеде Струмица қаласында өмірге келген. Македония футболшысы, "Дженоа" клубының және Солтүстік Македония ұлттық құрамасының шабуылшысы. Матчтар саны бойынша Солтүстік Македония құрамасының рекордшысы (117) және оның тарихтағы ең үздік сұрмергені (37 гол).

Юрий Жирков – 37 жас, 306 күн

Юрий Валентинович Жирков 20 тамыз 1983 жылы Тамбовта туған. Орыс футболшысы, "Зенит" клубының және Ресей ұлттық құрамасының ойыншысы. Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.

Айта кетейік, Еуро-2020 былтыр өтуі керек болған. Бірақ коронавирусқа байланысты УЕФА-ға мүше 55 ел оны кейінге қалдырды.

Турнир 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында өтеді.

Т. Раушанұлы