Абылайхан Жүсіпов үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Абылайхан Жүсіпов үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото ©️ ©instagram.com/boxingkazakhstan

Белградқа бокстан ұлттық құрама капитаны болып барған Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншіледі. Қазақ боксшысы жартылай финалда жапон спортшысы Севон Оказаваға төрешілер шешімі бойынша жол берді.

БӨЛІСУ

67 килоға дейінгі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте төрешілер Севон Оказаваға басымдық берді. Есеп 4:1. Осылайша Абылайхан үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осыған дейін 2017 жылы Гамбургте, 2019 жылы Екатеринбургте қола алған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан финалға шыққан еді. Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов жекпе-жек өткізеді.