ӘЧ-2021. Кубалық боксшыны жеңген Серік Теміржанов финалда жұдырықтасады

ӘЧ-2021. Кубалық боксшыны жеңген Серік Теміржанов финалда жұдырықтасады
Фото: kfb.kz

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына төртінші боксшымыз жолдама алды. 57 килоға дейінгі салмақта Серік Теміржанов алтынға таласады.

Қазақ боксшысы жартылай финалда кубалық Освель Кавалероны жеңді. Бірінші раундты басымдықпен өткізіп, аяқталар тұста қарсыласын нокдаунға да түсірді. Кейінгі раундтарда да өзіндік жұдырықтасу мәнерімен ерекшеленді. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Серік финалға шыққан төртінші боксшымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан өткен. Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанған еді.

Н. Үсенова