Тарихтағы алғашқы SMS сатылымға шығады

Тарихтағы алғашқы SMS сатылымға шығады
Фото: Getty Images

Британиялық Vodafone ұялы байланыс операторы тарихтағы алғашқы sms-ті сатуға шешім қабылдады.  “Merry Christmas” ("Рождество құтты болсын") деген SMS бастапқы бағасы 225 мың доллар болатын аукционда сатылады. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Осы мақсатта "Рождество мерекесімен" деген жазуы бар "коммюнике" деп аталатын NFT-токен жасалды.

Алғашқы мәтіндік хабарламаны 1992 жылы 3 желтоқсанда Vodafone компаниясының тапсырысы бойынша түрлі қосымшалар әзірлеген Sema Group Telecoms компаниясының қызметкері Нил Папуорт Vodafone директоры Ричард Джарвистің ұялы телефонына жіберген. Ол кезде Папуорт қысқа хабарламалар қызметін дамытып жатқан болатын.

"30 жыл бұрын жіберілген бұл хабарлама мобильді технология тарихындағы бетбұрыс болды. 1999 жылы Vodafone арқылы бірінші SMS жіберілгеннен кейін 7 жылдан соң бірнеше желі арқылы мәтіндік хабарлама жіберу мүмкін болды. Бұл олардың қолданылуын жеделдетіп, танымал етті", - деді Vodafone бас директоры Ханнес Аметсрайтер.

Аукцион 21 желтоқсанда Рождество мерекесі қарсаңында өтеді. Аукционнан түскен қаражат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарына аударылады.

Т. Раушанұлы