Баланы ұшаққа отырғызу: Тәртібі, жасы және билет бағасы

Баланы ұшаққа отырғызу: Тәртібі, жасы және билет бағасы
Фото: fb.ru

Қай транспорт түрін алып қарасаңыз да, баланы тасымалдаудың өзіндік ережесі бар. Баланы ұшаққа отырғызудың да өз талабы бар. Ендеше көпшілігі біле бермейтін бұл талаптарға тоқталып өтейік.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның таратқан ақпаратына сүйенсек, баланы ұшаққа ата-анасымен (немесе ертіп жүруші адам) де, ата-анасыз да отырғызуға болады. Яғни, бала өзі жалғыз да ұша алады.

Бірақ міндетті түрде ата-анасының жазбаша рұқсаты қажет. Ішкі және халықаралық рейстерде 6-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалғыз ұшуына рұқсат. Бірақ түнгі сағат 23.00 мен тағы сағат 6.00 аралығындағы рейстерге баланы жалғыз жіберуге рұқсат етілмейді. Тек күндізгі рейстермен ғана ұшады.

Ал жолақы мәселесіне келсек, баланы тегіп алып жүру деген жоқ. Тек 2 жасқа дейінгі, жеке орын алмайтын "жолаушылар" ғана тегін қатынайды. Ал халықаралық рейсте 2-12 жастағы балаларға арнайы тариф бойынша немесе негізгі тарифтің жартысы көлемінде жолақы төленеді. Ішкі рейстерде 2-15 жастағы балаларға төлемақы алынады.

Қ. Слямбек