"ИзолӘция" – "Жетінші арнадағы" жаңа шоу

"ИзолӘция" – "Жетінші арнадағы" жаңа шоу

Көктем келіп құлпыра түскен Алматы қаласында күннің салқындап, ауа-райының күрт бұзылуымен қоса, қаламыздың бас санитарының нұсқауымен М.Мақатев көшесі, 90-шы үй карантинге жабылды.

Заманның талабына сай бейімделген қала тұрғындары Ахметовтер отбасы болашақ құда-құдағиымен танысу үшін ауылдан ат терлетіп келген Өтебаевтар отбасын шақырады. Өзара келісе алмай жатқанда карантинге жабылды. Оқуын жалғастыру үшін кеше ғана ауылдан келіп, енді пәтер жалдамақ болған Мереке Қалбаева құрбыларымен олар да карантинге қамалды. Студенттермен қоса жас отбасы, бірақ ажырасқалы жатқан Ақболат Утебаев пен Мадина Оспан енді бір шаңырақтың астында ажырасуға мәжбүр.  Тіпті сол сәтте ұрлыққа түскен ұрылар "Жетінші Арнадағы" Jaidarman Cup көңілді тапқырлар жобасының үздік Боранқұл командасы, барлығы кенеттен карантинге жабылды. Бұл көп қабатты үйге тек қана азық-түлік тасымалдаушысы Еділ Анарбай ғана келіп тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Әртүрлі жағдайға байланысты үйде болған, кенеттен үй қамаққа жабылған кейіпкерлер енді өз мәселелерін қалай шешеді екен?

26-шы сәуірден бастап "карантин оқиғаларын" "Жетінші Арнада" дүйсенбі-бейсенбі аралығында кешкі 21:30-да тамашалуға болады.

Н. Үсенова