"Мұғалімдерге миллиардтаған қаржы қарыз". Вице-министр депутаттың сынына жауап берді

"Мұғалімдерге миллиардтаған қаржы қарыз". Вице-министр депутаттың сынына жауап берді

Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдердің еңбек демалысының ақысын төлеу мәселесі шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, маусым айынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 миллиард теңге көлемінде еңбек демалысының ақысын уақытылы аударған. Мұғалімдердің көпшілігіне жалақы толық төленген.

Алайда бірнеше өңірде 28 миллиард теңге қаражат уақытылы аударылмаған.

"Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленеді. Министрлік бірқатар өңірде 28 миллиард теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын анықтады. Басты себеп - қаржы жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр. Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз", - деді Бейсембаев.

Әкімдіктердің мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі.

Г. Досымшалова