Сөз таба алмай отырмын - Димаш Құдайберген Шатуновтың қазасы туралы

Сөз таба алмай отырмын - Димаш Құдайберген Шатуновтың қазасы туралы

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-да "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатуновпен қоштасып жазба жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Әнші 2019 жылдың 28 желтоқсанында эфирге шыққан "Привет, Андрей" бағдарламасында Шатунов, Басков, Крутой және басқа ресейлік эстрада жұлдыздарымен бірге қонақта болған сәттен үзінді жариялады. 

"Сөз таба алмай отырмын… Бір сахнада бірнеше рет өнер көрсетеміз деп ойлап едім… Жатқан жеріңіз жайлы болсын, аты аңызға айналған Юра ағай… Балалық үшін рақмет…", - деп жазды Димаш.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Г. Досымшалова