Желіде бірнеше иттің қызға шабуыл жасаған видеосы тарады

Желіде бірнеше иттің қызға шабуыл жасаған видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде бір топ иттің кішкентай қызға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторы оқиғаның Ақтөбеде болғанын жазған, - деп хабарлайды StopFake.kz тілшісі.

Сайт мәліметінше, видеодағы мәлімет жалған, Қазақстанда түсірілмеген.

Шын мәнінде, бұл ескі ролик және әр түрлі елдердің пайдаланушылары оны біраз уақыттан бері таратып келеді. Мысалы, биыл қаңтарда видеоны Малайзия тұрғындары белсенді түрде таратқан. 

Видеоның Қазақстанда түсірілмегенін жануарларды қорғаушылар хабарлаған болатын. Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram-дағы парақшасында жарияланған осы видеоның астында оның  Қытайда түсірілгені жазылған. 

Еске салайық, биыл мамырда Ақтөбеде иесіз иттер балаға шапқан. Зардап шеккен қызға шұғыл қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Таратылған видеоның бұл оқиғаға қатысы жоқ.

Г. Досымшалова