Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды, бала әлі іздестіріліп жатыр

Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды, бала әлі іздестіріліп жатыр

БҚО-да Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды. Құтқарушылар қазіргі кезде баланы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 маусымда Шалқар көлінде болған. Үрленетін матраста отырған 8 жастағы баланы жел көлдің ортасына алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған.

Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққан, бірақ бұл нәтиже бермеген. Содан кейін іздестіру жұмыстарына "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ ұшағы қосылды.

"Сағат 23:00-де БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қарсы жағалаудан табылғанын хабарлады. Ол аман-есен, жағдайы қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.

Г. Досымшалова