Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды

Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды

Желіде танымал ресейлік әнші, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды, - деп хабарлайды Ren.tv тілшісі.

Кадрда әншінің достары Растуново ауылындағы ауруханада дәрігерлерді қалай көмекке шақырғаны, Шатунов ауырып, жүре алмай тұрғаны көрсетілген.

Ол кеудесінің ауырып тұрғанын дәрігерлерге айтып үлгерген. Медициналық мекемеде оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, оның жағдайы күрт нашарлаған, дәрігерлер жансақтау тобын шақырған.

Жедел жәрдем Юрий Шатуновты Домодедово ауруханасына жеткізді. Сағат 00:20-да ол жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Дәл сол сәтте жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Шатуновты қайта тірілтпек болғанымен, оны аман алып қала алмаған.

Еске салайық, кеше Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 

Г. Досымшалова