Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының жолдамасына Жапониямен таласады

Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының жолдамасына Жапониямен таласады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.

Сергей Квактың шәкірттері Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, бүгін соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.

Осылайша, ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.

Қазақстандықтар жапониялықтарды жеңсе, жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан