Алғаш рет! Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар тікелей эфирде белгілі болады

Алғаш рет! Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар тікелей эфирде белгілі болады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған футболшылар тізімі алғаш рет тікелей эфир арқылы хабарланады, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Қазақ футболындағы тарихи сәт Qazsport арнасынан көрсетіледі. Тікелей эфир Астана уақытымен 16:00-де басталады. 

Тікелей эфирде команданың соңғы құрамы және осыған дейін кеңейтілген тізімге енген футболшылардың шақыртылуы мен тізімнен шығып қалу себебі де түсіндіріледі. Әлемдегі көптеген елде мұндай тәжірибе бар. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев шәкірттері Пармада (Италия) Сан-Марино құрамасымен ойнаса, араға үш күн сала Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездеседі. 

О. Сансызбай