АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық екі теннисші кездесті

АҚШ-тағы турнирдің ширек финалында қазақстандық екі теннисші кездесті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (әлемнің 325-ракеткасы) АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан "Челленджердің" жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бейбіт Жұқаев ширек финалда тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкинді (әлемнің 296-ракеткасы) 6:7 ​​(6:8), 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.

Бейбіт 16 эйс орындап, он брейк-пойнттың төртеуін (40%) пайданала алды.

22 жастағы қазақстандық қазақстандық теннисші енді 1/2 финалда аустралиялық Адам Уолтонмен (әлемінің 288-ракеткасы) ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан