Рыбакина мен Путинцева Аустралиядағы турнирлердің ширек финалында сүрінді

Рыбакина мен Путинцева Аустралиядағы турнирлердің ширек финалында сүрінді
Фото: ©ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Ол ширек финалда ресейлік Екатерина Александроваға жол берді. 

Ойын 1 сағат 31 минутқа созылды. Екі сетте де Екатерина 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Жеңіске жеткен ресейлік теннисші жартылай финалда Латвия елінің теннисшісі Елена Остапенкомен ойнайды. 

Елена Рыбакинаның келесі жарысы – Australian Open турнирі. Алғашқы қарсыласы – чехиялық Каролина Плишкова. Оны ұтса, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады.

Юлия Путинцева да Хобарттағы (Аустралия) WTA 250 турнирінің ширек финалынан әрі аса алмады.

Ол бұл кезеңде қытайлық теннисші Юэ Юаньмен ойнап, екі сетте 5:7, 6:7(4:7) есебімен ұтылды.

Юлия Путинцева да енді Australian Open турниріне қатысады. Ол іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай