четверг, 16 мая 2024 г.
icon
440.9
icon
475.95
icon
4.82
Алматы:
icon
25oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Баласын «қытай» деп еркелеткен Тұрсынбек Қабатов елді таңқалдырды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов балаларын еркелету арқылы шаршағанын басады екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Жұлдызды әке жиі гастролдік сапарда жүретіндіктен, балаларын үнемі бірге көре алмайды. Оның үстіне үлкен қызы өткен жылы Дубайға оқуға аттанған болатын.

Еліміздегі ең қалталы әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова күні кеше ғана TikTok желісіне ерекше видео жариялады.

Бейнежазбада Тұрсынбек үш қызын кезек-кезек беттерінен сүйіп, «күнім», «жаным» деген сынды еркелететін сөздер айтып жатыр. Бір кезде Қабатов кенже ұлын «қытай» бері кел деп шақырады.

«Қытай бері кел. Жаным сол менің. Өзі қытайдың киімін киіп алыпты. Әкеңді жақсы көресің бе, соны айтшы камераға. Баласы: «мен әкемді жақсы көремін»», — дейді әзілкеш Қабатов.

Видеоны көрген желі қолданушылары Тұрсынбектің балалары өзінен аумайтынын айтты. Ал оқырмандардың кейбірі оның «қытай»  деген сөзін түсінбей қалыпты.

«Неге қытай? Таңқалып отырмын»;

«Қазақта өз балаң, өзегінен тепсең де кетпейді деген сөз бар»;

«Бәрі өзіне ұқсайды «томпақ-томпақ» екен. Балалары сүйкімді»;

«Еркелету сағаты», — деп жазды желі оқырмандары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0