Еуропалық клуб 18 жастағы қазақстандық футболшының ауысқанын хабарлады

Еуропалық клуб 18 жастағы қазақстандық футболшының ауысқанын хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Беларусьтің «Гомель» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбетпен келісімшартқа отырғанын ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушымен келісім осы маусымның соңына дейін жасалған.

Әбинұр қазақстандық Тараз клубының футбол академиясының түлегі. 2021 жылы «Тараз Ж» жастар құрамасында Қазақстанның Екінші лигасында ойнай бастады. 2023 жылдың ақпан айында Нұрымбет «Ұлытау» клубына қосылып, еліміздің үшінші мықты дивизионында ойнауды жалғастырды.

Өткен маусымның ортасында Әбинұр «Энергетик-БГУ» командасына ауысып, чемпионатта 12 кездесу өткізіп, екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Ол 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;