русский язык
Дзюдо

Әбиба Абужақынова олимпиадалық рейтингте үздік үштікке кірді

Әбиба Абужақынова олимпиадалық рейтингте үздік үштікке кірді
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан қазақ қыздары арасындағы әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері Әбиба Абужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді.

48 келі салмақта сынға түсетін балуан олимпиадалық рейтингте 4576 ұпаймен 3-орында тұрса, 1-орында 5945 ұпай жинаған Ассунта Скутто (Италия), екінші орында 5200 ұпаймен Нацуми Цунода тұр. Ал әлемдік рейтингте Әбиба 5184 ұпай жинап, бір сатыға көтерілген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;