русский язык
Единоборства

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама палуаны 97 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен қырғыз Андрей Ароновты жеңген. Ақтық сында ол Бахрейн спортшысы Ахмед Тажудинов немесе ирандық Мұхаммадхосейн Мұхаммадианмен күш сынасады.

Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;