русский язык

Черногориялық футболшының ҚПЛ клубына ауысқаны ресми түрде жарияланды

Черногориялық футболшының ҚПЛ клубына ауысқаны ресми түрде жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Шахтер» черногориялық қорғаушы Митар Чуковичпен келісімшартқа отырғаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Митар бұған дейін черногориялық Петровац, Ловчен, сербиялық Пролетер, Напредак, литвалық Паневежис, Ритериай, босниялық Велес командаларында ойнаған.

«Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының төрт турында бір мәрте жеңіске жетті. Өз алаңында «Астананы» 1:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, жақында ресейлік Константин Емельяновтың клубтың жаңа бапкері болатыны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;