Қазақстан құрамасының қатарына ҚХЛ клубының хоккейшісі қосылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚорғаушы Леонид Металников Қазақстан құрамасының қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы маусымда өскемендік хоккей түлегі «Адмирал» сапында ҚХЛ тұрақты чемпионатында 63 кездесу өткізіп, 12 (5+7) ұпай жинады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы хоккейші ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмей, әлем чемпионатына қатыспаған еді
Биылғы әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы АҚШ, Швеция, Словакия, Латвия, Германия, Франция және Польшамен ойнайды.