русский язык
ММА

Асу Алмабаев: Елжан Әлиасқар UFC-мен келісімшарт жасасып, екінші Петр Ян атануы да мүмкін

Асу Алмабаев: Елжан Әлиасқар UFC-мен келісімшарт жасасып, екінші Петр Ян атануы да мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев командаласы Елжан Әлиасқардың Naiza 59 турниріндегі ирандық файтер Ислам Юсефке қарсы жекпе-жегі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Naiza 59 турнирінде менің командаласым - Елжан Әлиасқар жұдырықтасады. Ол Naiza турнирлерінде тартысты жекпе-жектер көрсеткен мықты жауынгер. Егер де, қазір жақсы жекпе-жек өткізсе, ол Naiza лигасының белбеуі үшін күресуге лайық деп ойлаймын.

Бәлкім UFC мен де келісімшартқа отырып, екінші Петр Ян атануы да мүмкін, өйткені оның соққы техникасы өте жоғары деңгейде», - деді Асу.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Әлиасқар келесі жекпе-жегін Naiza 59 турнирінде ирандық файтер Ислам Юсефке қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;