русский язык
Басқа

Спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңіне кімдер барады

Спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңіне кімдер барады
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 17 сәуір күні Қатар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогінің шешуші кезеңі өтеді. Онда жарыс қорытындысы бойынша Олимпиадаға жолдама алған спортшылар анықталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, лицензияға таласатын гимнастар қатарында қазақстандық Нариман Курбанов та бар.

«Алдағы әлем кубогі кезеңінде әлемдегі ең мықты гимнастар жиналмақ. Ал үздіктер қатарына Қазақстан намысын қорғайтын Нариман Курбанов та кіреді. Ол гимнастикалық ат снарядынан Олимпиада жолдамасын алу үшін бар күшін салмақ. Курбанов қазір Париж Олимпиадасына бір қадам жақын қалды. Нариманға бар болғаны өзінен жеңілмеу қажет. Өзі көрсеткен үздік нәтижелерді басты бағдар қып ұстауы тиіс. Егер ол өзінің жарыс бағдарламасын орындап, үздік үштікке енсе, лицензия – қолда. Нариманның әлеуеті әлемдік деңгейде өнер көрсетуге жететінін де ұмытпаңыз», - деп жазылған хабарламада.

Дохада Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Милад Карими де сынға түседі. Ол Олимпиада ойындарына былтыр жолдама алып қойған. Қазіргі таңда ол Париж додасына алаңсыз дайындалып жатыр.

Дохадағы әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы:

- Милад Карими;

- Дмитрий Патанин;

- Диас Тойшыбек;

- Нариман Курбанов;

- Аида Бауыржанова;

- Дарья Ясинская.

Турнир 17-20 сәуір аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;