русский язык
Әлем футболы

«Барселона» шабуылшысы Чемпиондар лигасында бірегей рекорд орнатты

«Барселона» шабуылшысы Чемпиондар лигасында бірегей рекорд орнатты
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық «Барселона» мен француздық «ПСЖ» кездескен Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

ПСЖ «Барселонаны» 4:1 (жалпы есеп 6:4) есебімен ұтты.

Каталониялықтардың жалғыз голын бразилиялық вингер Рафинья соқты. Оған испандық жас шабуылшы Ламин Ямал пас берді.

Осылайша ол Чемпиондар лигасының плей-офф матчында нәтижелі пас берген тарихтағы ең жас ойыншы атанды. Ламин пас берген кезінде 16 жас 278 күндік жаста болған.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалында ПСЖ екі ширек финалдық матчтың қорытындысы бойынша «Атлетико Мадридтен» айласын асырған дортмундтық «Боруссиямен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;